🔥 Адамдар көп жиналған жерде өрт шыққан жағдайда не істеу керек?
1. Кез келген бейтаныс қоғамдық орынға кірген кезде, өз бағытыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосалқы шығу жолдарының орналасуына назар аударыңыз. Мұны әдетке айналдырыңыз. Мамандардың айтуынша, шығу жолдарын және оларға апаратын бағыттарды білген адамның аман қалу мүмкіндігі жоғары, өйткені ең жақын шығу жолын білетіндер құтқарылуға көбірек мүмкіндік алады.
2. Әдетте эвакуациялық шығу жолдары өрт қауіпсіздігі белгілерімен көрсетілуі тиіс. Эвакуацияға арналған өрт қауіпсіздігі белгілері жасыл түсті, ақ таңбалары бар тікбұрышты немесе шаршы пішінде болады.
3. Егер «Өрт! Жанып жатыр!» деген айқай естісеңіз немесе түтін иісін сезсеңіз, жалынды көрсеңіз – сабыр сақтауға тырысыңыз. Жағдайды бағалап, нақты қауіптің бар-жоғын анықтаңыз, оның қай жақтан шығып жатқанын байқаңыз.
4. Бөлме түтінге толса немесе жарық болмаса, қабырға, тұтқаларға сүйене отырып, шығу жолына қарай жылжыңыз. Мұрынды сулықпен немесе киіміңіздің жеңімен жауып тыныстаңыз.
5. Егер шығу үшін адамдар көп жиналған топпен жүруге тура келсе, ешқашан көпшілікке қарсы жүрмеңіз. Егер топ сізді ілестіріп әкетсе, ортасынан да, шетінен де аулақ болуға тырысыңыз — қабырға, қоршаулар, әйнек витриналар, торлар, жағалаулар қауіпті.
6. Жолда кездесетін қозғалмайтын заттардан (бағаналар, тумбалар, қабырғалар, ағаштар) жалтарыңыз, әйтпесе жаншылып қалуыңыз мүмкін.
7. Қолыңызбен ешнәрседен ұстамаңыз — қолыңыз сынуы мүмкін. Мүмкін болса, киіміңіздің түймесін тағып, аяқ киіміңізді дұрыстаңыз. Биік өкшелі аяқ киім немесе шешілген бау өміріңізге қауіп төндіреді. Сөмке, қолшатыр сияқты заттарды тастап кетіңіз. Егер бір нәрсе түсіп қалса — ешқашан еңкеңдеп көтермеңіз.
8. Қолдарыңыз денеге жабысып тұрмауы керек, шынтақтан бүгіп, жұдырықтарды жоғары қаратыңыз — бұл кеуде қуысыңызды қорғауға көмектеседі. Қолды кеуде тұсында айқастырып, диафрагманы қорғауға болады. Арттан келген қысымды шынтақпен қабылдап, денені артқа шалқайта тіреп, алдыңыздағы кеңістікті біртіндеп ашып, баяу алға жылжыңыз.
9. Қалың топтағы ең басты міндет — құлап қалмау. Егер құлап қалсаңыз, басыңызды қолыңызбен қорғап, мүмкіндігінше тез тұруға тырысыңыз. Тұру үшін алдымен тізерлеп, қолыңызға сүйеніп, бір аяқпен қатты серпіліп тұрыңыз. Егер тұра алмасаңыз, эмбрион қалпын қабылдаңыз: бүктеліп, иекті кеудеге тіреп, тізені ішке тартып, басыңызды қолмен жауып, адамдар легі өткенше солай жатыңыз.
10. Балаларды алдыңызға шығарып, иықтарынан ұстап жүріңіз. Немесе иығыңызға отырғызыңыз.
11. Егер көпқабатты ғимаратта болсаңыз, лифтті пайдаланбаңыз, тек баспалдақпен түсіңіз. Биіктіктен секіруге тырыспаңыз. Егер сыртқа шығу мүмкін болмаса, от жетпеген бөлмеге өтіп, сол жерде өрт сөндірушілердің көмегін күтіңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!