Астана қаласы ТЖД-нің «Есіл» ауданы бойынша төтенше жағдайлар басқармасы сізге адамдар көп жиналатын жерлерде өрт болған жағдайда өзін ұстау ережелері туралы хабарлайды
Көпшілік жиналған орында өрт шыққан кезде не істеу керек?
-
Кез келген бейтаныс қоғамдық орынға кірген кезде (сауда орталығы, театр, кинотеатр және т.б.) өз жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосалқы шығу жолдарының орналасуына назар аударыңыз. Мұны әдетке айналдырыңыз. Мамандардың айтуынша, ең жақын шығу жолының қайда орналасқанын білетін адамның аман қалу мүмкіндігі жоғары.
-
Әдетте эвакуациялық шығу жолдары өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленеді. Мұндай белгілер тік төртбұрыш немесе шаршы пішінді, жасыл түсті, үстінде ақ түсті белгілер болады.
-
Егер «Өрт! Жандық!» деген айқай естісеңіз немесе өзіңіз түтіннің иісін сезсеңіз, жалынды байқасаңыз – сабыр сақтаңыз. Жағдайды бағалап, нақты қауіп бар-жоғын және қайдан шыққанын анықтаңыз.
-
Егер бөлме түтінге толып кетсе немесе жарық сөніп қалса – қабырға, тұтқалар сияқты заттарға сүйене отырып, шығу бағытына қарай қозғалыңыз. Мұрын орамалмен немесе киіміңіздің жеңімен демалыңыз.
-
Егер сізге шығу бағытымен бірге адамдар легінде қозғалу қажет болса, ешқашан адамдар легіне қарсы жүрмеңіз. Егер сізді топ итеріп әкетсе, топтың ортасына немесе қабырға, әйнек, тор сияқты қауіпті жерлерге қарай кетпеңіз.
-
Жолда тұрған қозғалмайтын заттардан (баған, қабырға, ағаш және т.б.) аулақ болыңыз, өйткені адамдар легі сізді сол заттарға соғып жарақаттауы мүмкін.
-
Ештеңеге жабыспаңыз – қолыңызды жарақаттауыңыз мүмкін. Егер мүмкін болса, киіміңізді түймелеп, аяқ киіміңіздің бауын байлаңыз. Биік өкшелі аяқ киім немесе шешілген бау өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. Сөмке, қолшатыр сияқты артық заттарды тастаңыз. Егер бір зат жерге түсіп кетсе, ешқашан иіліп алуға тырыспаңыз.
-
Қолыңызды денеңізге қыспаңыз — шынтағыңызды бүгіңіз, жұдырықтарыңызды жоғары қаратыңыз. Бұл кеуде қуысыңызды қорғауға көмектеседі. Ладоньдарыңызды кеудеңіздің алдында айқастырып ұстауға болады — бұл диафрагманы қорғайды. Артыңыздан соққы болса, оны шынтақпен қабылдаңыз, денеңізді артқа шалқайтып, табаныңызбен тіреліп, баяу алға жылжыңыз.
-
Ең бастысы — құламаңыз! Егер құлап қалсаңыз, ең алдымен басыңызды қолыңызбен қорғаңыз және бірден тұруға тырысыңыз. Егер тұру қиын болса, тізерлеп, қолыңызбен жерге тіреліп, екінші аяғыңызбен итеріліп, бір серпіліспен тұрыңыз. Егер бәрібір тұра алмасаңыз, «эмбрион» қалпын қабылдаңыз: бүгіліп, иегіңізді кеудеңізге тигізіп, тізеңізді басыңызға дейін тартыңыз, қолыңызбен басыңызды жауып, адамдар легі өткенше осылай жатыңыз.
-
Балаларды алдыңызға қойып, иықтарынан ұстаңыз немесе иығыңызға отырғызыңыз.
-
Егер сіз көпқабатты ғимаратта болсаңыз, ешқашан лифтке мінбеңіз, баспалдақпен түсіңіз. Терезеден секіруге болмайды. Егер сыртқа шығу мүмкін болмаса, өрт жетпеген бөлмеге өтіп, құтқарушылар келгенше сол жерде күтіңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Бастапқы өрт сөндіру құралдары
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдардың ішінде өрт сөндіргіштердің (огнетушитель) маңызы ерекше. Оларды пайдалану оңай, арнайы дайындықты қажет етпейді және өрттің бастапқы кезеңінде тиімді көмектеседі.
Алайда өрт сөндіргіштің тиімділігі оның дұрыс таңдалуына байланысты. Дұрыс емес өрт сөндіргіш өртті сөндірмей, керісінше жарақатқа себеп болуы мүмкін.
Қай жағдайда қандай өрт сөндіргіш қажет?
Бір қарағанда бұл сұраққа жауап оңай көрінгенімен, іс жүзінде бәрі күрделі. Өрт сөндіргіштің болуы екі негізгі міндетті шешуі тиіс:
-
Біріншісі — өртті оның бастапқы кезеңінде сөндіру;
-
Екіншісі — өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын орындау, осылайша тексеріс кезінде айыппұл салыну қаупін болдырмау.
Ғимараттарды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етуді реттейтін құжаттар:
-
Қазақстан Республикасы ТЖ министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығы — «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы»;
-
2021 жылғы 17 тамыздағы №405 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.
Осы құжаттарда көрсетілген талаптарға сәйкес өрт сөндіргіштерді таңдау қажет, оның ішінде автокөліктерге арналған түрлері де бар.
«Есіл» ауданының ТЖБ бастығы
Астана қаласы ТЖД
азаматтық қорғау подполковнигі
Әлиев А.Б.