Астана қаласы әкімдігінің «Қадыр Мырза Әлі атындағы №88 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК ұжымының ішкі тәртібінің

ЕРЕЖЕЛЕРІ

І. Жалпы жағдай
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының
6-бабы 3-тармағының 24-2 тармақшасына сәйкес «№24 орта мектеп» ШЖҚ МКК әзірлеген ішкі тәртібінің ережелері.
  1. Педагогтар балалардың денсаулығы мен өміріне сабақ үстінде және үзілісте жауап береді, қандайда бір жағдайда әкімшілікке хабарлайды.
  2. Сабаққа кешігіп келген оқушыны орнына отырғызып, кезекші мұғалімге және әкімшілікке хабарлайды.
  3. Оқушыларды өздерін жеке, қараусыз қалдыруға болмайды.
  4. Бірінші ауысым мұғалімі екінші ауысым мұғаліміне кабинетті өткізеді. Екінші ауысым мұғалімдері кабинетті кезекші әкімшілікке тапсырады.
  5. Сабақ аяқталғаннан кейін оқушыларды алып қалуға төмендегі жағдайда ғана рұқсат етіледі.
​​​​​​​
  • сынып сағаты және жиналыс өткенде;
  • мектепішілік және сабақтан тыс іс-шаралар өткізгенде;
  • кабинетті тазалап жуғанда, кезекшілік атқарғанда;
  • қосымша сабақ өткізгенде, басқа жағдайда әкімшіліктің келісімі қажет.
​​​​​​​
  1. Өрт болған жағдайда, басқа да күтілмеген қауіп төнгенде мұғалімдер бекітілген эвакуация жоспары бойынша іс-әрекеттер жасайды.
  2. Сабақ кезінде кабинеттердің есіктері ашық тұрып, үзіліс кезінде есік жабылып, терезе ашу арқылы кабинеттің ауасын тазарту керек.



Мұғалімдер міндеті:
  • Жұмысқа кешікпеуге өзіне тиісті жұмысты және әкімшілік тарапынан берілген тапсырмаларды толық орындауға;
  • қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтарда жазылған талаптарды орындауға (санитарлық, гигиеналық т.б).
  • жұмыс орнын, кабинеттерді таза сақтауға;
  • мектеп мүліктеріне жауапкершілікпен қарауға;
  • дәрігерлік тексерістен уақытында өтуге;
  • мұғалімдер бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуге;
  • салауатты өмір салтын ұстануға және оны оқушылар арасында насихаттауға;
  • педагогикалық әдеп нормаларын сақтауға;
  • білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыреттілігін, өз бетінше жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
  • білім алушыларды адамгершілікке, ата-аналарын құрметтеуге, этномәдени құндылықтарын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
  • ғылыми – зерттеу, тәжірибелік –эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогикалық тәжірибеге жаңа әдістеме мен технологияны енгізуге;
  • мекеменің ұжымдық басқару органдарының жұмысына қатысуға.

ІІ. Мектеп ұжымының жұмыс уақыты және оны пайдалануы
    1. Мектепте апталық жұмыс уақыты 5 күн. Жаңа оқу жылының жүктемесін мұғалімдер демалысқа шыққанша біліп кетеді. Жүктемені мектеп директоры кәсіподақ комитетінің келісімімен бөледі. Ескеретін жағдайлар:
  • мұғалімнің жүктемесі оқу жылының аяғына дейін тұрақты болады.
  1. Қызмет көрсететін қызметкерлер белгіленген кесте бойынша жұмыс істейді.
  • Кесте әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің келісімімен бекітіледі.
  • Хатшы мен лаборанттың, тәлімгер мен педагог-ұйымдастырушының жұмыс уақыты 9:00-18:00-ге дейін.
  • Кітапхананың жұмыс уақыт кестесі ілінеді.
  1. Мұғалім жұмысқа 30 минут ерте келеді, жұмыс аяқталғаннан кейін 30 минут кеш кетеді; аталған уақыттар мұғалімнің сабаққа дайындығы мен кабинетін келесі ауысым мұғаліміне өткізуіне беріледі. Екінші ауысымның мұғалімі кезекші әкімшілікке өткізеді.
  2. Мұғалімнің жұмыс уақытының ұзаруы келесі жағдайларда болады:
  • ауырып қалған мұғалімнің орнына сабақ өткізгенде, жұмысқа әр-түрлі себептермен келмей қалған мұғалімдерді ауыстырғанда;
  • сабақтан тыс жұмыстарды атқарғанда (қоғамдық іс-шаралар, тазалық күндері, т.б)
  1. Мұғалім сабаққа қоңыраумен кіреді, қоңыраумен шығады.
  2. Мұғалімдердің кезекшілігі кәсіподақ комитетінің отырысында бекітіліп орындалуы және кезекші мұғалімнің сырт келбеті талапқа сай болуы әкімшілік тарапынан бақыланады.
  3. І ауысым кезекшісі мектепке сағат 7.30-да келіп оқушыларды қабылдап алады, сағат 14:00-га дейін оқушыларды шығарып салады. ІІ ауысым кезекшісі кезекшілікті сағат 13.00-да қабылдап алып, 2-ауысым оқушыларын мектепке кіруін қадағалайды және сағат 19.30-ға дейін кезекшілік атқарады. Кезекші әкімшілік, кезекші мұғалім, кезекші оқушылар және сынып жетекшілер блоктағы, қабаттарды, әжетханалардағы тәртіпті қадағалайды. Бастауыш мұғалімдері асханадағы тәртіпті бақылайды: оқушылардың асханадағы тәртібі, барлық оқушылардың дұрыс тамақтануы, астың сапасының жағдайын сынып жетекшілері кезекші әкімшілікке ескертеді.
  4. Демалыс кезіндегі жұмыс апталық жүктеменің уақытымен толық есептелінеді, жұмыс жоспарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен кәсіподақ комитеті жасайды. Демалыс кезінде себепсіз жұмысқа келмей қалуға болмайды.
  5. Мектеп ұжымы бекітілген ережеге бағынады:
  • сабақ қоңыраумен басталып, қоңыраумен аяқталады;
  • сабақтың әр минуты оқушыға жан-жақты білім беруге негізделеді;
  • сабақтағы тәрбие жұмысы мұғалімнің тұлғасынан басталады да, оның ұйымдастыру әдіс-тәсілі арқылы жүзеге асырылады;
  • ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексереді;
  • мұғалім оқушыларға дауыс көтермейді, сабырлық танытып, сыпайы түрінде талап етеді;
  • сынып жетекшілер психологпен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді;
  • сынып жетекшілері оқушыларынан пән мұғалімдеріне деген құрметті талап етеді, ұлдардың ер мұғалімдермен қол беріп амандасуына мектеп ішінде тыйым салынады;
  • сапалы білім беруде мұғалімнің бойындағы қасиеттер: жоғары кәсіптік білім деңгейі, мәдениеттілігі. Әр сабағында мұғалім жаңа технологиялармен жұмыс жасап, заманға сай көрнекілік құралдарды пайдалануы, шығармашылық жұмыспен айналысуы қажет.
    1. Сынып жетекшілер оқушыларын асханаға бекітілген уақыт кестесі бойынша апарады.
    2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ауырып қалған мұғалімнің орнына сабақ беретін мұғалімдерге сабақ кестесін беріп, оқушыларға ескертеді.

Мұғалімдер мен басқа да қызметкерлерге тыйым салынады:
  • сабақ кестесін өзгертуге;
  • сабақ барысын қысқартуға, ұзартуға;
  • оқушыларды қараусыз қалдыруға;
  • оқушыны сабақтан шығарып жіберуге;
  • сабақ кезінде басқа мұғалімге кедергі жасауға;
  • сабақ үстінде сыртқа шығып кетуге;
  • мектеп ауласында темекі шегуге.
  • сабақ үстінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады.
ІІІ. Сынып жетекшінің міндеті
  • Оқушыларды қабылдау тәртібі, оқушыларды қарсы алу және сабақ аяқталған соң шығарып салу
  • «№24 орта мектеп» ШЖҚ МКК жарғысын, педагогикалық кеңестердің шешімін, ішкі тәртіп ережесі мен еңбек қауіпсіздігі нұсқауларын орындауға;
  • Әр ауысым сынып жетекшілері оқушыларының сабаққа келуін және сабақтан кетуін қадағалауға міндетті.
  • Өрт қауіпсіздік ережесін сақтауға және білуге (мектеп айналасында, мектеп ішінде темекі шегуге тыйым салынады т.б);
  • Сынып оқушылары сабақты себепсіз босатқан жағдайда оқушының дәрігерлік анықтамасын немесе әке-шешесінен сабақты босатудың себебі туралы түсініктемесін талап етуі керек;
  • Қоғамдық пайдалы еңбекте және өз-өзіне жағдай жасауда, жалпы қалалық сенбіліктерге қатысуға, мектеп бойынша кезекшілік атқаруға міндетті;
  • Мектеп әкімшілігі бекіткен іскерлік классикалық үлгідегі киімді сақтауға міндетті;
  • Мектеп ішіндегі оқушылар тәртібін қадағалауға міндетті;
  • Мектеп мүліктерін сақтауға және өз мүлкіндей жинақы пайдалануға міндетті.

Сынып жетекшілердің оқушыларды қабылдап алу тәртібі
  • Мектепке ұқыпты таранып, таза үтіктелген мектеп формасымен келеді. Өзімен бірге екінші аяқ киімін алып келуге міндетті.
  • Бірінші сабаққа 15 минут қалғанда келуі керек.
  • Мектепке кірерде екінші аяқ киімін киеді.
  • Есік ашыларда және жабыларда қауіпсіздікті сақтау қажет.
  • Үлкендерді сыйлау, кішілерге қамқор болады. Оқушылар мұғалімдерге, үлкендерге, жоғарғы сынып оқушылары кішілерге, ұлдар қыздарға жол береді.
  • Сынып сағатында, мерекелік іс-шараларда, сабақ уақытында ұялы телефондарын өшіріп қояды.

Сабақ үстінде оқушылар жағдайы
  • бірінші қоңыраудан соң оқушы сабақ кестесі бойынша белгіленген сыныбына кіріп сабаққа дайындалады;
  • сабаққа қажеттілерді дайындау (кітап, дәптер, күнделік...);
  • мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орнынан тұруы амандасу белгісі болып табылады, мұғалім амандыққа жауап бергеннен соң оқушылар отырады. Сабақ уақытында сыныпқа кірген үлкендердің барлығымен амандасады;
  • сабақ уақытын тек оқуға арнау керек. Мұғалімнің түсіндіруін және жолдастарының жауабын мұқият тыңдайды;
  • мұғалімге сұрақ қоюда немесе жауап берерде шынтақты үстелден алмай қолын көтереді. Мұғалімнің рұқсатынан соң тұрып жауап береді немесе сұрақ қояды;
  • оқушы сыныптан шығуы қажет болса, онда ол мұғалімнен рұқсат сұрайды;
  • мұғалім сабақтың аяқталуын хабарлағаннан кейін ғана оқушылар сыныптан шығады;
  • өз бетімен дағдыны меңгеру, сапалы оқу.

Үзіліс кезіндегі оқушылардың іс-әрекеті
  • Әр оқушы үзіліс уақытын толықтай пайдалуға құқылы.
  • Баспалдақпен жүргенде жүгірмейді, секірмейді, баспалдақтың оң жағымен жүреді.
  • Сабақ аяқталғаннан кейін оқушылар сынып жетекшілерімен бірге сапта тұрып, киінуге барады және мектептен шығады.
Асханадағы тәртіп
  • Асханаға сырт киіммен кіруге тыйым салынады.
  • Асханаға тек үзіліс кезінде ғана бару керек.
  • Асханада кептеліс тұруға тыйым салынады.
  • Тамақтанып болған соң, ыдысты артынан жинау керек.

Сыныптан тыс іс-шаралар уақытындағы тәртіп
  • Мерекелік шара өту барысында, оқушы барлық сабақта қойылатын ережені сақтауы тиіс.
  • Мектепте туылған күн атап өтуге тыйым салынады.
  • Сынып жетекшісіз және мектеп әкімшілігіне хабарламай мерекелік шара өткізуге тыйым салынады.

Қоғамдық орындарда, серуендеудегі тәртіп
  • Сынып жетекшіні (немесе топ жетекшісін) тыңдау және тәртіпке бағыну.
  • Жол қауіпсіздік ережесін сақтау.
  • Қоғамдық орындарда айғайлауға, маңайындағы кісілерге кедергі жасауға тыйым салынады (көлікте).
  • Қоғамдық орындарда жалпыға бірдей мінез-құлық , тәртіп ережелерін сақтау қажет.

Оқушылар міндеті
  • «№24 орта мектеп» ШЖҚ МКК жарғысын, педагогикалық кеңестердің шешімін, ішкі тәртіп ережесі мен еңбек қауіпсіздігі нұсқауларын орындауға;
  • өрт қауіпсіздік ережесін сақтауға және білуге (мектеп айналасында,
  • мектеп ішінде темекі шегуге тыйым салынады т.б);
  • мектеп жұмысшылары мен мектепке келушілермен амандасуға, оқушылар және жұмыскерлермен, сыныптастарымен сыйластық қарым-қатынаста болуға;
  • мектепке белгіленген уақытқа дейін келуге және себепсіз сабақты босатпауға (сабақ босатқан жағдайда оқушының дәрігерлік анықтамасы немесе әке-шешесінің сабақтан босатудың себебі туралы түсініктемесі болуы керек);
  • қоғамдық пайдалы еңбекте және өз-өзіне жағдай жасауда, жалпы қалалық сенбіліктерге қатысуға, мектеп бойынша кезекшілікте, сыныпта және шеберханаларда кезекшілік атқаруға;
  • мектеп әкімшілігі бекіткен мектеп формасын (қыздар үшін ақ жейде, қара-көк жакет, қара-көк юбка,қара аяқ киім, туфли, бантик тағуға және ұлдар үшін ақ жейде, қара-көк жакет, қара-көк шалбар, қара түсті аяқ киім) сақтауға; Екінші аяқ киім ауыстыруға міндетті.
  • мектеп мүліктерін сақтауға және өз мүлкіндей жинақы пайдалануға;
  • шеберханалардағы, кабинеттердегі, сыныптардағы жұмыс жағдайын бұзбауға;
  • барлық медициналық процедуралардан өтуде, егу кезінде мектеп медициналық қызметкерлерінің талабын орындауға, өз денсаулығын қадағалауға;
  • мектеп мүліктерін құнттап сақтау және өз мүлкіндей жинақы пайдалануға (бұзылған мүлік үшін ата-аналар немесе (оны орындаушылар) материалдық жауапкершілік алады);
  • сабақты тиянақты оқуға, себепсіз қалдырмауға.

Оқушыларға тыйым салынады:
  • сабақ уақытында сынып жетекшісі немесе кезекші әкімшіліктің рұқсатынсыз мектептен кетуге;
  • мектеп ішінде діни және басқа да сену, дін өкілін насихаттау киімдерін киюге (хиджаб, орамал, крестер, тұмар);
  • сабақ үстінде айғайлауға, өзін және басқаларды ойынға айналдыруға;
  • айналадағыларға кедергі жасау, жүгіру, айғайлау, жеку, бірін-бірі итеру, заттарды (оқу құралдарын) бірін-біріне лақтыру, дөрекі сөйлеуге;
  • мектептің ішін, айналасын ластауға, қағаз лақтыруға, қалған тамақтарды тастауға;
  • мектепте сырт киіммен және бас киіммен жүруге;
  • мектепке және мектеп айналасына жарылғыш заттар, қарулар, от қауіпсіздік заттарын, ішімдік суларын, есірткілерді, сондай-ақ уландыратын заттарды әкелуге.
  • Сабақ үстінде ұялы байланыс құралын мұғалімнің рұқсатынсыз пайдалануға.

Ата - аналар міндеті
  1. Ата-ана баласының мектепке уақытында келуіне және сабақ біткен соң, мектептен қайту кезіндегі қауіпсіздігіне жауапты.
  2. Жарғы және мектептік локальдық акт талаптарын орындау.
  3. Балалардың дене және интеллектуалды, әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жасау.
  4. Мектеппен бірлесе қызмет ету.
  5. Оқушыларды білім беру ұйымына қатысуды қамтамасыз ету.
  6. Ішкі тәртіп ережесін сақтауға, мектеп жарғысы және білім беру қызметтері туралы шартпен қарастырылған басқа талаптарды орындауға.
  7. Педагогикалық қызметкерлер және де басқа мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін, сондай-ақ оқу орнының ішкі тәртібін сыйлауға.
  8. Балалардың өмірі мен оқуына, денсаулығына қауіпсіз жағдай жасауға.
  9. Ата-аналар жиналысына қатысу, қажет болған жағдайда мекеме әкімшілігінің немесе педагогтардың шақыруы мен оқу-тәрбие үдерісі бойынша жеке әңгімеге қатысу және нақтылы педагогтарға көмек беруге.
  10. Мектептің ішіне бала арбасымен кіруге тыйым салынады.
  11. Мектеп ішінде болатын жиналыстарға, атап айтқанда:
  12. кабинетте өтетін ата-аналар жиналыстарына;
  13. мектептің мәжіліс залында өтетін жиналыстарға баламен келуге қатаң тыйым салынады.
  14. Қазақстан Республикасының жарнамасымен белгіленген тәртіпте баланың мекемеге келтірген материалдық шығынының орнын толтыруға міндетті.