Мектебіміздің педагог -психологы Нургожаева Гульсим Белгожановна жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында мектебіміздегі жас мамандармен “ Мен заманауи ұстазбын” тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингте жас мамандар «Тентек оқушы», «Тыныш оқушы» сөз тіркестеріне анықтама беріп, ондай оқушылардың жағымды, жағымсыз қасиеттері мен қабілеттері туралы топтық талқылау жасалынды. Әрі осындай оқушылармен қалай жұмыс жасаған тиімді екендерін айтып өз ойларымен бөлісті. Психолог жеткіншек балалардың психолого – физиологиялық ерекшеліктері туралы айтып, ағартушылық жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында түрлі жаттығулар жасалынды. Атап айтсақ, «Есім -сын есім», «Адам, үй, жер сілкінісі», «Шар үрлеу», «Газет», «Мені түсін», «Ассоциация», «Қағазға секіру», «МАК карта».
Тренингтің соңында қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.