Қымбатты оқырмандарым, бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы №88 мектеп - лицейімізде "Жүректен жүрекке " атты мейірімділік акциясын бастадық.
Бұл акцияның мақсаты: Ата - аналар мен мұғалімдердің, оқушыларымыздың жүректеріне мейірімділік пен жылулық ұялату.
Аптаның әр сейсенбісінде жүректі селт еткізетіндей, әр баланың жүрегінен орын алатындай, сағымдай нәзік көңілдерін көтеретіндей жылы сөзбен оқушыларымызды қарсы алу.
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ тәрбиелеу - біздің басты міндеттіміз.
Кешіккен оқушыларды жазалау үшін емес, "ұят болады" деп, тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған іс - шара. (Акция оқу жылының соңына дейін жалғасын табады.)
Әр сейсенбі сайын жүректеріміз түрленіп отырады( ақжүрек, нұрлы жүрек, ер жүрек, батыл жүрек, т.с.с) Оқу жылының соңында кім көп жүрек жинаса, сол оқушы ең мейірімді оқушы атанып, марапатқа ие болады.
Сағат 7:30 бастап оқушылар мектепке лек - легімен келе бастайды. Ата - аналарымен бірге оянып, өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезінуге тәрбиелеу-әр азаматтың игі ісі.