Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының
10.3- тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында еліміздің барлық өңірлерінде 2023 жылы 5 қыркүйек күні сағат 11.00-де мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өткізу жоспарланды.
Диктанттың мақсаты - Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.
Осыған орай жалпықазақстандық ашық диктантты жазуға мектебіміздің жоғары сынып оқушылары қатысты. Диктант жазған оқушылардың құрамында өзге ұлт өкілдерінің ( орыс, қырғыз, өзбек, тәжік, татар, украин) білім алушылары да бар екенін ескере кеткен жөн.
Бұл Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір сүріп жүрген түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, ынтымағы басқа мемлекеттерге үлгі екенін айғақтайтындай.