Алғыс айту күні!

Алғыс айту күніне орай 8 сыныптар Қарттар үйіне барып, Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, Білім саласының үздігінің ардагері , Мәдениет саласының үздігінің ардагерлерін “ Алғыс айту” күнімен құттықтадық!
Қарттарымызға деген қамқорлығымыз бен құрметімізді барынша тағы бір мәрте көрсетуге, ерекше ілтипат танытуға тырысамыз. Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Ізгі тілекпен: тарих пәнінің мұғалімі Б. К. Шапишева, математика пәнінің мұғалімі Э.А. Шакирова, физика пәнінің мұғалімі М. Советбекова және барлық 8 сынып оқушылары!!!