​Аттестация — кәсіби дамудың басты баспалдағы!

9 сәуір күні мектебімізде аттестациядан өтетін мұғалімдерге арналған талдау жұмысын директердың бейіндік жөніндегі орынбасары @gulzhan_bapanova өткізді.

Кездесу барысында әріптестеріміз білім беру саласындағы заманауи өзгерістер мен жаңашылдықтарды, әдістемелік талаптар мен бағалау критерийлерін кеңінен талқылады. Өзара тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін арттыруға бағыт-бағдар алды.

Мұндай талдау жұмыстары — педагогтің өзіне деген сенімін нығайтып, оқыту сапасын арттыруға жол ашады.

Ұстаздың үздіксіз ізденісі – шәкірт табысының берік іргетасы.
Барша әріптестерімізге аттестация жолында сәттілік пен толағай табыс тілейміз!

#Аттестация2025
#ҰстазЖолы
#педагог-модератор
#Педагог-сарапшы
#Педагог-зерттеуші
#педагог-шебер
#БілімСапасы
#ҰстаздарҚауымы