5 сәуір күні мектебімізде
«Білім берудегі инновациялық технологиялар: жеке тәжірибемнен мысалдар»
тақырыбында мұғалімдерге арналған семинар сәтті өтті!

Семинар барысында педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру технологияларын қолданудағы нәтижелерімен таныстырды.
Интерактивті тапсырмалар, мазмұнды презентациялар мен ой бөлісу сәттері — барлығы кәсіби даму мен шабыт алуға мүмкіндік берді!

Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, қатысушылар белсенділік танытып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Бірлесіп даму – басты құндылығымыз!
Семинар материалдары >>>>>>>>>