«Күншуақ» жазғы сауықтыру лагері басталды!
Жазғы демалысты балалар үшін қызықты да пайдалы өткізу – әр ата-ананың арманы. Осы орайда №88 мектеп-лицейінде 2025 жылдың маусым айынан бастап дәстүрлі «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады! Лагерьдің басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырып, олардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттыру. Мұнда оқушылар үшін түрлі бағыттағы іс-шаралар қарастырылған:🌼 Танымдық саяхаттар
🎨 Шығармашылық үйірмелер
🤸♀️ Спорттық жарыстар
🎭 Театрландырылған қойылымдар
📚 Кітап оқу сағаттары мен викториналар













