Лицей сыныптарына іріктеу өтті!
Бүгін мектебімізде 4-5-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы лицей сыныптарына іріктеу сынағы мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Бапанова Гульжан Кобландықызының @gulzhan_bapanova ұйымдастырумен сәтті өткізілді. Бұл іріктеу – дарынды, зерек оқушыларды анықтап, тереңдетілген білім беруге бағытталған арнайы сыныптарға жол ашатын маңызды кезең.
Іріктеуге жалпы 98 оқушы қатысты:
5-сыныптар бойынша: 41 оқушы (қазақ сыныптарынан – 26, орыс сыныптарынан – 15);
4-сыныптар бойынша: 57 оқушы (қазақ сыныптарынан – 31, орыс сыныптарынан – 26).
Сынақ оқушылардың логикалық ойлау, математикалық сауаттылық және жаратылыстану пәндері бойынша базалық білімдерін бағалауға бағытталды. Әр оқушыға өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік берілді.
Іріктеу нәтижелері 2025 жылдың 16 мамырында жарияланады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Болашағына сеніммен қадам басқан әр бала – еліміздің жарқын келешегі!