Астана қаласы, №88 мектеп-лицейінде 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, 6-наурыз күні қалалық "Наурыздағы ең ерекше күн" атты әкелер арасында сайыс өтті.



Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
1. Әке бұл мақтаныш! таныстыру
2. «Жігітке жеті өнерде аз» тұшпара жасау
3. «Аруға жарасады шолпы, шашбау» - шаш сәні
4. «Көктем аруы» - сән үлгісі / қолда бар материалдан/
5. « Өнерлінің өрісі кең» өз өнерін көрсету /әкесі мен қызы/
Сайыс кезеңдері бойынша әкелер қыздарымен бірге өнерлерін көрсетіп, нан жайып, тұшпара жасады.
Сайыс қорытындысы бойынша
1-орынды Қайым Мұхамедханов атындағы №90 мектеп- гимназиясы Бибосынов Бейбіт және Дүйсенбі Гульфайруз иеленді.
2-орынды №88 мектеп-лицейі Сейілханов Арман және Нұрлан Сұлужан иеленді.
3-орынды №89 мектеп-лицейі Туралин Абзал және Ғабиден Мәриям иеленді.