Балаларды ертежастан бастап өртқауіпсіздігі ережелеріне үйретіңіз!
Құрметті ата-аналар, өртқаупі бар кезеңнің басталуына байланысты, өтінеріміз! Сіздің қауіпсіздігіңіз бен балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше балалармен төтенше жағдайларда өзін–өзі ұстау туралы жиі сөйлесіп, балалар ға өрт және басқа тұтанғыш заттармен ойнаудың ықтимал салдарлары мен қауіптерін түсіндіріңіздер. Қайғылы жағдайлар болдырмау үшін біз балалардың қолдарына сіріңке ұстамауын қатаң түрде қадағалауымыз керек.Егер сіз балалардың өздері от жағып, сіріңкемен және оттықпен, тұтанғыш сұйықтықтармен ойнап жатқанын көрсеңіз, оларды бей-жай қалдырмаңыз, тоқтатыңыз! Балаларға жаман үлгі көрсетпеңіз: олардың көзінше темекі тартпаңыз, қараңғы бөлмелерді жарықтандыру үшін қағаз жақпаңыз.Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Есіңізде болсын - сәл немқұрайлылық үлкен қауіп-қатерге әкелуі мүмкін. Қараусыз қалғанда балалар үлкендерге еліктеп, өздерін қожайын сезінеді, электр құрылғыларын қосады, электр сымын жөндейді, тіпті от жағуы мүмкін (кейде пәтерде).Осындай дербестіктің салдары қайғылы аяқталуы мүмкін, тәжірибе көрсетіп отырғандай, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы үнемі еске салып отыру қажет, бұл талаптарды орындау әдетке айналып, ерекше күш-жігерді талап етпейтін қалыпты жағдай болғані жөн.Өрт қауіпсіздігі ережелерін балалардың санасына кішкентай кезінен бастапсіңірукерек!
Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД «Есіл» ауданының ТЖБ
азаматтық қорғау подполковнигіАлиев Асет Бөгенбаұлы
АВТОМАТТЫ ӨРТ ДАБЫЛЫ – МҮМКІНДІКТЕР МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
От – адам өмірінің айнымас серігінің бірі. Ол көптеген игіліктерді жасайды, бірақ бақылаудан шыққан жағдайда талай қасірет алып келуге қабілетті. Кез келген басқа жағымсыздықтар секілді, өшіру мен салдарды жоюға қарағанда өрт пен жанулардың алдын алу анағұрлым жеңіл. Көптеген жағдайда адамдар өрт кезінде отпен байланысынан, жану кезінде бөлініп шығатын түтін мен техникалық заттардан осыншалық опат болмайды.Өрттің аяқ аятынан пайда болмауы үшін, жайлар заманауи өрт сигналдау автоматты қондырғыларымен жабдықталған. Автоматты өрт сигналдау жүйесі кез келген заманауи ғимараттың инфрақұрылымының және әрбір объекттің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз ету базалық бөлігінің ажырағысыз бөлігі болып табылды. Тіпті қызмет көрсетіп жатқан қызметкерді жан-жақтан нақты бақылау барысында, түтіннің немесе оттың туындауын дәл кезінде аңғармау ықтималдығы бар. Әрине, кейде адамның өртті техникадан бұрын байқайтын жағдайлар болады, бірақ, жалпы алғанда автоматты өрт сигналы анағұрлым жақсы жұмыс істейді. Оның үстіне, оның адамдардың түсінуі қиын бірнеше атқаратын қызметтері бар.
Және осыған байланысты автоматты өрт сигналдау жүйесін қоданудың негізі 3 себебі бар.
Біріншіден, өрт сигналдау жүйесі жану орнын барынша дәлдікпен белгілеуге мүмкіндік береді. Оларда қолданылатын датчиктар – миниатюралық. Оларды кез келген жерге, тіпті өте сирек қолданылатын жайларға жайғастыруға болады.
Тура жөнге салу өрттің аздаған бастапқы белгілерін диагностикалауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, автоматты өрт дабылы ұзақ уақыт аралығында толық дербес жұмысының мүмкіндіктерінің есебімен өңделеді. Сапалы жобалау мен инсталяциондық жұмыс өткізу кезінде олар ең төменгі қызмет көрсету мен техникалық қызмет көрсетуді талап етеді. Сол себепті, оларға кез келген жағдайда толық сүйенуге болады.
Үшіншіден, автоматты өрт сигналдау жүйесінің қолдануының артықшылықтарын қарағанда, келесі нюансқа көңіл бөлмеуге болмайды. Заманауи ғимараттардың көбісі, мысалы кәсіп немесе сауда орталықтары, ауруханалар, тұрғын үй кешендері автоматтандылылған бақылау кешендерімен жабдықталған. Өртке қарсы сигнал осындай жүйелерде өте жақсы ықпалданады. Оны хабарлауда дабыл сигналын беруден басқа, өрт сөндіду модульдері, түтінге қарсы, желдетпелер, өртке қарсы қызметті шақыру автоматты түрде іске қосылатындай етіп қосуға болады. Төтенше жағдайлардың пайда болу кезіндегі осындай әдістеме оны жою үшін қажетті уақытты қысқартуға, ықтималды залал мен адамдар үшін қауіпті өрт факторларының қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Өрт туралы хабарлайтын автоматты жүйені жасаушылар үнемі жанудың анықталу тиімділігін арттыру үшін, оларды құруда, жаңа тәсілдер мен модульдерді енгізеді. Кеңсенің, үйдің немесе кел-келген басқа ғимараттардың заманға сай өртке қарсы кешенінің жабдықталуы – меншікті мүлікті қорғауда ғана емес, сонымен қатар адам өміріне де тиімді әдіс болып табылады.
Заманға сай өрт дабылы өрттің бастапқы белгілері туралы уақытылы хабарлайтын кәсіпорынның ішкі күзет қызметімен қатар сыртқы қызметін толық техникалық құралдар кешенін және бағдарламалық қамтамасыз етеді.
Автоматты өрт дабылының кел келген құрылысы құрылғыларды орналастыру сызбалары мен кабельдік жолдарды орнату барысында орындалатын жобалық және жұмыс құжаттарын орындаудан басталады, энергияны тұтыну және автономиялық жұмыс уақытының есебі жүзеге асырылады. Жобалау – жобаның осы түріне лицензиясы бар, мамандандырылған ұйымдармен өндіріледі.
Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД «Есіл» ауданының ТЖБ
азаматтық қорғау подполковнигіАлиев Асет Бөгенбаұлы