МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ РӘСІМІ ШЕҢБЕРІНДЕ
«ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ АТЫНДАҒЫ №88 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ »
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕБІ
Астана қаласының білім беру саласының
бақылау департаментіне қайта аттестаттауға берілген күні
2024 жылдың 23 желтоқсан
Астана, 2024
Астана қаласы әкімдігінің
«Қадыр Мырза Әлі атындағы №88 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
қайта аттестаттау бойынша ұсыныстарды түзету
ЕСЕБІ
«23» желтоқсан 2024 жылАстана қаласы әкімдігінің «Қадыр Мырза Әлі атындағы №88 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК мемлекеттік аттестаттау рәсімі шеңберінде «Мектептің мемлекеттік аттестациядан өтуіне байланысты өзін-өзі бағалауы бойынша комиссия құру туралы» бұйрық шығарды. Мектептің өзін-өзі бағалауы бойынша төмендегі құрамда комиссия бекітілді:
№ | Комиссия | Аты-жөні | Лауазымы |
1 | Төрайымы | Тиынтай Айгүл | Директор м.а |
2 | Комиссия мүшелері |
Айдарова Магрипа Ораловна |
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары |
3 |
Ботабаева Айзада Муратовна |
Директордың бейіндік және бейіналды ісі жөніндегі орынбасары |
|
4 | Исмайлова Айжан Бектасовна |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
|
5 | Сарсенбаева Зоя Сәбуқызы |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
|
6 | Дұйсетай Шұғыла Ақылбекқызы |
Тарих пәні мұғалімі | |
7 | Жумабекова Гулкашима Дуйсебайқызы |
Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары |
Өзін-өзі бағалаудың мақсаты
- Өзін-өзі бағалаудың барлық қатысушыларының іс-әрекетін жұмылдыру;
- Оқу-тәрбие жөнінде нақты ақпаратты алу;
- Мектеп-лицейдің педагогикалық процесс сапасы мен нәтижесі жөніндегі тиімді жұмысты анықтау;
- Оқушыларды еңбекке жұмылдырылуын, өзін-өзі дамуының мүмкіндіктерін, әлеуметтік кемелденуінің деңгейін бақылау;
- Мектеп-лицей оқушыларының жағдайы туралы нақты ақпарат алу
Өзін-өзі бағалаудың міндеттері
- Өзін-өзі бағалау мен оқу нысандарындағы өлшенетін сапаларының дәрежесін анықтау;
- Мектеп-гимназияда педагогикалық жүйеде инновациялық сапалардың бар болуы мен болмауын тану;
- Мектеп-лицейде педагогикалық процестерді бағалау сипаттамасының тұтастығының жүйесін құру;
- Жалпы мектеп-лицейдің білім жүйесін, тәрбие дәрежесін, бағалау (өзіндік бағалау) нысандарында жағымды тенденцияны тану;
- Оқу-тәрбиені бағалау (өзіндік бағалау) кезінде пайда болған проблемалардың шешу жолдары мен туындаған себептерін анықтау
Мекеме өз қызметінде басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын (1995 жылғы 30 тамыз, ҚР 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар);
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы»
- "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV Заңын;
- Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» №345-II Заңын (09.04.2016 ж. жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулармен);
- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» № 151- I Заңын;
- Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» № 267- I Заңын;
- ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар Мекеме Жарғысын басшылыққа алады.
ҚАЙТА АТТЕСТАТТАУДАН ӨТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАРДЫ ТҮЗЕТУ АНЫҚТАМАСЫ
Астана қаласы әкімдігінің «Қадыр Мырза Әлі атындағы №88 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 2024 жылғы 25-29 қараша күндері мемлекеттік аттестаттау бойынша зерделеу жүргізілген. Зерделеу нәтижесінде көрсетілген ескертулер бойынша түзету жоспары құрылып, жоспарлы түрде қателіктерді жою жұмыстары жүргізілді және кемшіліктер жойылды.
Ұсыныстарды жою негізінде 2024 жылғы 23-25 желтоқсан аралағында қайта аттестаттауға өтініш берілді.
1. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру өлшемшарттары
1.1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізігі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы негізінде берілген келесі ұсыныстар ескеріліп, түзету жұмыстары жүргізілді:
2022-2023 оқу жылы
- 3 «Д», 5 «Ж», 5 «З» сыныптары 2022 жылдың 29 тамызында бекітілген «2022-2023 оқу жылына арналған №88 мектеп-лицейінің КММ» оқу жұмыс жоспарында көрсетілмеу себебі: оқу жоспары 29 тамызда, ал титулдық тізім Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасымен 5 қыркүйекте бекітілген. Осы аралықта 3-ші (орыс тілінде оқытылатын), 5-ші (орыс тілінде оқытылатын) сыныптарда оқушылар санының артуына байланысты 3 «Д» (115 оқушыдан 133 оқушыға дейін көбейді), 5 «Ж», 5 «З» (99 оқушыдан 140 оқушыға дейін көбейді) сыныптары қосылған. 3 «Д», 5 «Ж», 5 «З» сыныптары титулдық тізімде бекітілген.
- 6 «В» сыныптың 09.01.23-13.01.23 аралығында оқу жүктемесінде 29 сағат, 1 сағат «История Казахстана» пәні артық көрсетілген, ал күнтізбелік тақырыптық жоспарда сағат саны 28 деп дұрыс толтырылған.
ІІІ тоқсандағы сабақ кестесінің дүйсенбі күнгі 4-сабағында бос орын болуының себебі: «История Казахстана» пән мұғалімі жүктемесінің өзгерістеріне байланысты сабақ кестесіне өзгерістер енгізілген. Алайда, kundelik.kz электронды журналындағы «История Казахстана» пәнінің реттілігі техникалық қатеге байланысты өзгеріссіз қалған. Кемшілік жойылды.
8 «В», 9 «Б», 9 «В», 10 «Б», 10 «В», 11 «Б», 11 «В» сыныптарының «kundelik.kz» электронды журналындағы негізгі сабақ кестесінде бос орындардың болуы кадрлық ауысуларға байланысты орын алған. Сабақ кестесіндегі өзгертулер kundelik.kz электронды журналында техникалық қатеге байланысты өзгеріссіз қалған. Кемшілік жойылды. Жоғарыда аталған қателіктерге байланысты жауапты педагогтерге ескерту берілді.
2023-2024 оқу жылы
- 3 «Л», 6 «Г» сыныптары 2023 жылдың 29 тамызында бекітілген «2023-2024 оқу жылына арналған №88 мектеп-лицейінің КММ» оқу жұмыс жоспарында көрсетілген. Бала санының толық болуына байланысты 3-ші орыс тілінде оқытылатын 5 сынып-комплект және 6-шы қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда 4 сынып-комплект ашу жоспарланған, алайда, титул парағын бекіткенге дейін оқушы санының қысқаруына байланысты 3-ші сынып-комплектінің біреуі (3 «Л»), 6-шы сынып-комплектінің (6 «Г») біреуі жабылды, сол себепті «kundelik.kz» электронды журналына енгізілмеген.
- 7 «Д», 8 «Д» сыныптары 2023 жылдың 29 тамызында бекітілген «2023-2024 оқу жылына арналған №88 мектеп-лицейінің КММ» оқу жұмыс жоспарында көрсетілмеу себебі: оқу жоспары 29 тамызда, ал титулдық тізім Астана қаласы Білім басқармасымен 1 қыркүйекте бекітілген. Осы аралықта 7-ші (орыс тілінде оқытылатын), 8-ші (орыс тілінде оқытылатын) сыныптарда оқушылар санының артуына байланысты 7 «Д» (52 оқушыдан 68 оқушыға дейін көбейді), 8 «Д» (45 оқушыдан 61 оқушыға дейін көбейді) сыныптары қосылған.
- 5 «Г» сыныптың 8-12.01.24 аралығында оқу жүктемесінде 28 сағат, 1 сағат «Дене шынықтыру» пәні артық көрсетілген, ал күнтізбелік-тақырыптық жоспарда сағат саны 27 деп дұрыс толтырылған.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру өлшемшарттары бойынша барлық ұсыныстар жойылды. Жіберілген кемшіліктер алдағы жұмыс барысында қайталанбайды.
1.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру
-2024-2025 оқу жылында 1 «Б», «В», 2 «А», «Ә», «Б», «В», «Г», 3 «Б», «В», «Г», «Д», 4 «Б», «Г», 5 «А», 6 «Г», «Б», «В», 8 «Б», 11 «Б» сыныптарының «kundelik.kz» электронды журналындағы сабақ кестесі мен 2024-2025 оқу жылына арналған қағаз түріндегі сабақ кестесі сәйкестендірілді. Дегенмен, қосалқы кадрлардың болуы (4 «Б», 8 «Б», 11 «Б») және кадрлық ауысуларға (2 «А», «Ә», «Г», 3 «Г», 5 «А», 6 «Г» сыныптарында жаңадан жұмысқа қабылданған мұғалімдер) байланысты тоқсан ортасындағы оқу апталарының сабақ кестесіндегі пәндердің реттілігінде өзгеріс болған. Алайда, бұл өзгерістер оқу бағдарламасында бекітілген сағат санымен сәйкес келеді.
- Қағаз түріндегі сабақ кестесінде оқу кабинеттерінің нөмірі, апталық сағат жүктемесінің жалпы саны, қоңырау кестесі көрсетіліп, қайта жүктелді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрық талаптарына сәйкес барлық ұсыныстар жойылды.
1.4. Білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру.
-2024-2025 оқу жылында мектептегі қосымша біліммен қамтылған балалардың саны 322, ал мектептен тыс 513 оқушы.
Қосымша біліммен қамтылған оқушылар саны НОБДдағы мәліметтермен сәйкестендірілді.
1.6. Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру.
2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылармен барлық жұмыстар жүргізілген, алайда, сайтқа құжаттарды жүктеу кезінде қателіктер орын алған. Қателіктер жойылды.
2022-2023 оқу жылы
- Жеке оқу бағдарламалары ұсынылды, сайтқа жүктелді
- Арнайы мамандардың құжаттары: 2а, 2б формалары, КТЖ, кеңес беру жоспары, жетіктік мониторингі, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың түзету сабақ кестелері, жеке сабақ бағдарламасы, сөйлеу карталары, жалпы және жеке жоспарлары ұсынылды, сайтқа жүктелді.
- Жеке оқу бағдарламалары ұсынылды, сайтқа жүктелді
- Арнайы мамандардың құжаттары: 2а, 2б формалары, КТЖ, кеңес беру жоспары, жетіктік мониторингі, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың түзету сабақ кестелері, жеке сабақ бағдарламасы, сөйлеу карталары, жалпы және жеке жоспарлары ұсынылды, сайтқа жүктелді.
- Қорытынды бойынша жеке немесе бейімделген оқу бағдарламалары ұсынылды, сайтқа жүктелді.
1.7. ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компонентінің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру
2022-2023 оқу жылы
Орыс тілінде оқытылатын 5 «В» сыныбындағы «Калейдоскоп природы. Познание мира, естествознание» пәнінің атауы, 10 «Б» сыныбындағы «Медицинская экология» пәнінің атауы ашық жазылды.
2023-2024 оқу жылы
5-9 сыныптарда вариативті компоненттің есебінен: сағат сандарымен бірге 6 «Ж» сыныбындағы «Удивительные животные» пәнінің атауы, 8 «В» сыныбындағы «Живое богатсво Казахастана» пәнінің атауы көрсетілді.
10-11 сыныптарда вариативті компоненттің есебінен: сағат сандарымен бірге 10 «В» сыныбындағы «Экологический вестник» пәнінің атауы, 11 «Б» сыныбындағы «Медицинская экология» пәнінің атауы ашық жазылды.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының талаптарына сәйкестендірілді.
1.8. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсын игеру
2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдарында «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсы 1-3 сыныптарда «Дүниетану» оқу курсы аясында 6 сағаттық жылдық оқу жүктемесі, 4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсы аясында 10 сағаттық жылдық оқу жүктемесі, 5-9 сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу пәнінің шеңберінде 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесі, 10-11 сыныптарда АӘТД оқу пәнінің шеңберінде 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесі жоспарланып, бекітілген. Оқу жылдары көлемінде бағдарлама бойынша тақырыптар толық өткізілген. Алайда, kundelik.kz электронды журналға енгізу барысында мұғалімдер тарапынан қателіктер жіберілген. Қателіктердің орны толтырылды, бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» тақырыптары kundelik.kz электронды журналына енгізілді. Жіберілген қателіктер бойынша пән мұғалімдеріне ескерту берілді.
2022-2023 оқу жылы
Оқу жылы көлемінде бағдарлама бойынша тақырыптар толық өткізілген. Алайда, kundelik.kz электронды журналға енгізу барысында мұғалімдер тарапынан қателіктер жіберілген
- 1-4 сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында 1 А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ж, З, И, К, Қ, Л, М, Н, П, Р, С, Т, У,Ф, 2 Г, 2 И, 3 Б, 3 Г, 3 Д, 3 Ж, 3 З, 4 Ә, 4 В, 4 Г, 4 Д, 4 Ж сыныптарында ӨҚН тақырыптары көрсетілді;
- 5-9 сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны «Дене шынықтыру» оқу пәнінің шеңберінде 5 Б, 5 В, 5 Д, 5 Ж, 6 Б, 6 В, 6 Д, 7 Б, 7 В, 7 Д, 8 Б, 8 В, 9 Б, 9 В сыныптарында ӨҚН тақырыптары көрсетілді;
- 10-11 сыныптарда алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу пәнінің шеңберінде 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесі 10 А, 10 Ә, 10 Б, 10 В, 11 А, 11 Ә, 11 Б, 11 В сыныптарында ӨҚН тақырыптары көрсетілді, КТЖ бөлімінде жарияланды. Пән мұғалімдеріне ескерту берілді.
Оқу жылы көлемінде бағдарлама бойынша тақырыптар толық өткізілген. Алайда, kundelik.kz электронды журналға енгізу барысында мұғалімдер тарапынан қателіктер жіберілген
- 1-4 сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында 1 Е, 2А, 2Б, 2В, 2Г, 2Д, 2Е, 2Ж, 2И, 2Л, 2 М, 2 Н, 3 Б, 3 В, 3 Д, 3 Е, 4 Д сыныптарында ӨҚН тақырыптары көрсетілді;
- 5-9 сыныптарда Өмір қауіпсіздігі негіздері оқу курсының мазмұны дене шынықтыру пәнінің шеңберінде 5 Б, 5 В, 5 Д, И, 6 В, Д, Ж, 8 Б, В, Д, 9 Б, В сыныптарында көрсетілді;
- 10-11 сыныптарда алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу пәнінің шеңберінде 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесі 10 А, 10 Ә, 10 Б, 10 В, 11 Ә, 11 Б сыныптарында ӨҚН тақырыптары көрсетілді. Пән мұғалімдеріне ескерту берілді.
- 1-4 сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында 3 «Г» сыныбында ӨҚН тақырыптары көрсетілді;
- 10-11 сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің шеңберінде 12 сағаттық жылдық оқу 11 «Б» сыныбында ӨҚН тақырыптары көрсетілді. Пән мұғалімдеріне ескерту берілді.
1.9. «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асыру
2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдарында «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсы 1-4 сыныптарда сынып сағаты аясында 6 сағаттық жылдық оқу жүктемесі, 5-8 сыныптарда сынып сағаты аясында 10 сағаттық жылдық оқу жүктемесі жоспарланып, бекітілген. Оқу жылдары көлемінде бағдарлама бойынша тақырыптар толық өткізілген. Алайда, kundelik.kz электронды журналға енгізу барысында мұғалімдер тарапынан қателіктер жіберілген. Қателіктердің орны толтырылды, бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы «Жолда жүру ережелері» тақырыптары kundelik.kz электронды журналына енгізілді. Жіберілген қателіктер бойынша пән мұғалімдеріне ескерту берілді.
2022-2023 оқу жылы
1-4 сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан, 5-8 сыныптарда 10 сағат көлемінде «Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының тақырыптары сынып сағаттарына енгізілді.
2023-2024 оқу жылы
1-4 сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен 1Б, 1В, 1Ғ, 1Д, 1Е, 2А, 2Е, 2И, 2Л, 2М, 3В, 3Г, 3Д, 3Е, 4А, 4Д, 4Ж сыныптарында, 5-8 сыныптарда «Жол қозғалысы ережелері» оқу курсы сыныптан тыс уақыттарда сынып сағаты есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде 5А, 5В, 5Г, 6А, 6К, 6Л, 7А сыныптарында көрсетілді.
2024-2025 оқу жылы
1-4 сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен 3Б сыныбында 1-тоқсанда жоспарлау жүргізілді, 2А, 2Б, 2В, 2Г, 2Д, 3Г, 4В сыныптарында жоспарлау 2-тоқсан соңына дейін толық құрастырылды. 4Ә, 4Г сыныбында жол қозғалысы ережелері сағат саны көрсетілді. 5-8 сыныптарда «Жол қозғалысы ережелері» оқу курсы сыныптан тыс уақыттарда сынып сағаты есебінен 6А,7А,7Ә сыныптарында көрсетілді. 8А сыныбында жоспарлау 2-тоқсан соңына дейін толық құрастырылды.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына сәйкестендірілді.
Жұмыс барысында сынып жетекшілер жұмысына бақылау орнатпағаны үшін тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Исмайлова Айжан Бектасовна мен Сәрсенбаева Зоя Сәбуқызынан түсініктеме алынып, ескерту берілді.
1.10. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығының талаптары
Әкімшілік басқару қызметкерлерінің құжаттары бойынша:
- Оқу ісі жөніндегі орынбасары Айдарова М.О 29.07.2024-09.08.2024 аралығында, №0863585 номерлі 80 сағаттық курсы және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.С. Сарсенбаевада 15.11.2024 жылы алынған № 103106 номерлі 80 сағаттық курсы бар. Алайда, құжаттарды жүктеу барысында курс сертификаттары ұсынылмаған. Сертификаттар жүктелді.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Исмаилованың құжаттары толық. Құжаттарды жүктеу барысында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің құжатымен алмастырып, жүктелген. Қайта дұрыс жүктелді.
Төменде аталған қызметкерлер құжаттарын толық ұсынбағандықтан сайтқа жүктеу барысында кемшіліктер орын алды. Құжаттар толықтырылды, сайтқа жүктелді.
- математика пәні мұғалімі Л. Утееваның білім туралы дипломы;
- А. Бимырза, К. Каспакова, Г.А. Пазилова, Ю.С. Попова, А. Сагадиеваның диплом қосымшасы;
- А. Бимырза- ЖОО-нын 2022 жылы бітірген жас маман, мамандығы - «Қазақ тілі мен әдебиеті». Мектепте пән мұғалімі лауазымы бойынша жұмыс атқармайды, аға тәлімгер лауазымында бірінші жыл жұмыс атқарады (бұйрық №218/1, 27.09.2024 жыл). Алдағы оқу жылында аға тәлімгерлік бойынша біліктілік арттыру курсына жіберу жоспарланған;
- Д. Қалмырза, Д. Меліс, Д. Орумбасарова ЖОО-нын 2024 жылы аяқтаған жас мамандар. Мектепте педагог ретінде бірінші жыл қызмет атқарады. 2024 жылдың 1 қазанында №269 бұйрықпен тәлімгер тағайындалған, бұйрығы сайтқа жүктелді. Алдағы оқу жылында біліктілік арттыру курсына жіберу жоспарланған;
- А.Е. Альмаганбетова -мамандығы бойынша «Бастауыш сынып мұғалімі», алайда педагог-ассистент лауазымында жұмыс істейді (бұйрық №234, 20.09.2021 жыл), инклюзия бойынша сертификаты жүктелді.
- И. Ембергенова - мамандығы бойынша «Құқық негіздері» пән мұғалімі, алайда тьютор-тәрбиеші лауазымында жұмыс істейді (бұйрық №169, 29.12.2022 жыл) инклюзия бойынша №120046 номерлі 80 сағаттық курстан өткендігі туралы растайтын құжат бар, сайтқа жүктелді;
- М.Ә. Жикебаева- өндірістік қажеттілікке байланысты жұмысқа жаңадан қабылданған маман, осыған дейін колледжде жұмыс жасаған, біліктілік арттыру сертификаты бар, «USTAZ» педагогтерді үздіксіз кəсіби дамыту орталығында «Химия» пəні педагогтерінің кəсіби құзыреттіліктерін жетілдіру» тақырыбында курстан өтіп жатыр, анықтама сайтқа жүктелді;
- Р. Турмаганбетова – орыс тілінде оқытатын сыныптарда кадр тапшылығына байланысты қабылданған математика пәнінің мұғалімі. Екі мамандық бойынша дипломы бар: «Физика» және «Математика» пәні мұғалімі. Жүктеме сағаттары «Математика» пәнінен, «Физика» пәнінен сабақ бермейді. «USTAZ» педагогтерді үздіксіз кəсіби дамыту орталығының «Математика сабағында пəнаралық байланыстарды қолдану арқылы практикалық дағдыларды дамыту» тақырыбында курстан өтіп жатыр, анықтама сайтқа жүктелді;
- Қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Ахамай «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар. Алайда, құжаттарды жүктеу барысында санатын растайтын құжат жүктелмеген. Облыстық Білім басқармасының 12.07.2021 жылдың №68-ж/қ бұйрығы және санатының куәлігі ұсынылды, сайтқа жүктелді;
- Бастауыш сынып мұғалімдері Г.А.Абсаттарова, «педагог сарапшы», М.К.Сапарова «педагог-модератор», орыс тілі мұғалімдері К.А.Байкенова «педагог-сарапшы», Г.А.Пазилова «педагог-модератор» 18.10.2024 жылғы Білім басқармасының №2068 бұйрығы 30.09.2024 жылғы №1 хаттамасы шешімі және Білім басқармасының бұйрығы көрсетілген. Хаттама сайтқа жүктелді;
- А.О. Ботбаевада магистр дипломы бар, алайда, құжаттарды жүктеу барысында диплом жүктелмеген. Диплом сайтқа жүктелді;
- «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына сәйкес педагог тағылымдамашы санатындағы 24 мұғалімге: 2024 жылдың 29 тамыздағы №217 бұйрығымен 17 педагогке, 2024 жылдың 29 қазандағы №292 бұйрығымен 6 педагогке, 2024 жылдың 18 қарашадағы №315 бұйрығымен 1 педагогке берілген «педагог» санатының куәліктері және бұйрықтары сайтқа жүктелді.
- Физика пәні мұғалімі М.О. Турдыбекова 2024 жылдың 24 қарашасындағы №251 бұйрығымен жұмыстан босатылған, бұйрығы сайтқа жүктелді.
- Бастауыш сынып мұғалімі Г.М. Есмаханова 12 қараша 2024 жылдың №261 бұйрығымен жұмысқа қабылданған. Құжаттары сайтқа жүктелді.
- Б. Айткулова, Д.М. Алмаганбетова, Б. Ахамай, А. Әбділда, А.О. Ботбаева, А. Джумасанова, С.Н. Дүйсенова, Ш. Дүйсетай, С.М. Жаманкулова, Н.Т. Жүсіп, І.Зекен, К.Капарова, А.Нурлыбекова, М.Салимнің біліктілік арттыру курстары НОБД базасына енгізілді.
- Г.Б.Орынбаева, Н.Аманжанда педагогикалық өтілі НОБД базасында өзгертілді. Г.Б.Орынбаеваның 5 жыл еңбек өтілі, Н.Аманжанның 3 жыл еңбек өтілі нақты көрсетілді.
«Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі 388 бұйрығына және «Педагог» мәртебесі туралы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-ҮІ ҚР заңына, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы 473 бұйрығы талаптарына сәйкестендірілді.
3. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім алушыларының оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар
3.2. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі
2024-2025 оқу жылы
-ҚББ бөлімінде 1 «Б», 1 «В», 2 «Б» , 2 «В», 2 «Д», 3 «Б», «В», «Д», 4 «Б», «В», 5 «А», «Б», «В», 6 «Ә», «Б», «Г», «В», 7 «А», «Б», «Д», 8 «А», «Б», 9 «А», «Б» сыныптарында сабақ кестесіне қойылған сабақтардың уақыттары мен негізгі сабақ кестесіндегі сабақтардың уақыттары реттелді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына сәйкестендірілді. Алдағы уақытта кемшіліктер қайталанбайды.
4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне өлшем шарттар
4.1.ЖПМ үлгілік оқу бағдарламаларымен ҚР Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы
2022-2023,2023-2024 оқу жылында 9 және 11-сыныптары бойынша хаттамаларды толтыруда және kundelik.kz бағалдарды қоюда қателіктер кездесті.
2022-2023 оқу жылында негізгі орта білім беру курсы бойынша 9-сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттау хаттамалары мен «Kundelik.kz» электронды журналына қойылған бағаларды толтыруда орын алған қателіктер түзетілді:
- «Русский язык» пәні бойынша 9 «Б» сынып оқушысы - Текких Фатихтың хаттамадағы бағасы «Kundelik.kz» электронды журналға қойылды;
- «Казахский язык и литература» пәні бойынша 9 «Б» сынып оқушысы Берғали Әділжанның 2023 жылдың 27 наурызында 9 «В» сыныбына ауысқан, пән мұғалімі оқушының бағасын «Kundelik.kz» электронды журналына 9 «Б» сыныбына қателесіп қойған, қателік жойылды.
- «Казахский язык и литература» пәні бойынша 9 «В» сынып оқушысы Балабекова Альфия 2023 жылдың 27 наурызында 9 «Б» сыныбына ауысқан, пән мұғалімі оқушының бағасын«Kundelik.kz» электронды журналына 9 «В» сыныбына қателесіп қойған, қателік жойылды.
- «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 9 «К» сынып оқушысы Сейтбек Данияның «Kundelik.kz» электронды журналындағы балы (25 балл) хаттамадағы балмен сәйкестендірілді;
- «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Смагулов Алишердің «Kundelik.kz» электронды журналындағы балы (27 балл) хаттамадағы балмен сәйкестендірілді;
- «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 11 «А» сынып оқушысы Калиолданов Амир хаттамада жоқ, себебі оқушы 11 «Ә» сыныбына ауысқан, «Kundelik.kz» электронды журналға бағасын қоюда пән мұғалімі қателік жіберген, қателіктің орны толтырылды.
- «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша 11 «А» сынып оқушысы Жанай Айжанның, Мұханбет Дамираның «Kundelik.kz» электронды журналдағы емтихан бағалары хаттамаға енгізілді.
- «Алгебра» пәні бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Жазыбек Нұршаттың хаттамадағы және «Kundelik.kz» электронды журналындағы балы (20 балл) сәйкестендірілді
- 9 «Ә» сынып оқушысы Ільяс Ұлжанның тегі хаттамада түзетілді.
2022-2023, 2023-2024 оқу жылында қазақ тілінде оқытылатын 9 «Ә» сыныбындағы емтихан хаттамасында пән атауы «Қазақ тілі мен әдебиеті» деп көрсетілген, 2023-2024 оқу жылында қазақ тілінде оқытылатын 9 «К» сыныбындағы емтихан хаттамасында пән атауы «Қазақ тілі мен әдебиеті» деп көрсетілген қателік жойылып, түзету енгізілді.
4.2. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №52 бұйрық
Пән мұғалімдерінен білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдарында жіберілген қателіктері бойынша түсініктеме алынып, педагогтерге әдістемелік түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жіберген қателіктеріне ескерту берілді.
2022-2023 оқу жылында
І тоқсанда «Иностранный язык»- 6 «Б», 02.09-28.10 аралығында қалыптастырушы бағалау жүргізілмеген. Пән мұғаліміне әдістемелік түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жіберген қателіктеріне ескерту берілді.
2023-2024 оқу жылы
І-ІІ тоқсанда «Информатика» пәні -10 «Б» сынып бойынша 4-16.09. аралығы, 06-23.11 аралығы, 08-30.01 аралығы қалыптастырушы бағалау жүргізілмеген. Пән мұғаліміне әдістемелік түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жіберген қателіктеріне ескерту берілді.
2024-2025 оқу жылы
2 «Ә» сыныбында 4-28 қараша аралығында «Орыс тілі» пәні, 6 «А» сыныбында 4-28.11 аралығында «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні, 6 «А» сыныбында 8-29.11 аралығында «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізілмеген. Пән мұғаліміне әдістемелік түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жіберген қателіктеріне ескерту берілді.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 2-тарауына 7,8,16,17,18 тармақтарына сәйкестендірілді.
Қайта аттестаттаудағы сілтемелер: https://88-mektep.edu.kz/
ІІ. КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ТАЛДАУ
https://drive.google.com/drive/folders/1LcIhdPRddaZPaFbwOLn8My_eb7doAL_a?usp=drive_linkІІІ. БІЛІМ АЛУШЫЛАР КОНТИНГЕНТІ
https://drive.google.com/drive/folders/1qCqm8JqOxhEEHJiwNBpexETk3NiQB6ul?usp=drive_link
ІҮ. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
https://drive.google.com/drive/folders/1S1GSnGb9v5bRqbqMId5RZ4jXse6cop3r?usp=sharing
ҮІІ. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ
https://drive.google.com/drive/folders/1lXfikYHUqfKzmmlfK-Fsi7nzE8NH7JC3?usp=sharing
ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР
https://drive.google.com/file/d/1utanCdDwO9s6GhdjssZTpZV8tI_2i_OS/view?usp=sharing
Төрайымы Тиынтай Айгул
Мүшелері Айдарова Магрипа Ораловна
Ботабаева Айзада Муратовна
Исмаилова Айжан Бектасовна
Сарсенбаева Зоя Сәбуқызы
Дұйсетай Шұғыла Ақылбекқызы
Жумабекова Гулкашима Дуйсебайқызы