Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңі өтті‼️ 2022 жылдың 14 желтоқсанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, елордалық мектептердің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңі бойынша тарих пәнінің мұғалімі Шапишева Ботагоз Кайратовна “ Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға тарих пәнін оқытудың тиімді әдістері” тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, ІІ орынға ие болды.