Астана қаласы, №88 мектеп-лицей директоры Айтова ЖанатТурысбековна 2-наурыз күні мектептің қамқоршылық кеңесі алдында 2022 жылдың бюджетінің игерілуі және 2023 жылдың жоспары туралы есеп берді. Қамқоршылық кеңес мүшелерін жаңа модификациялы физика, химия, биология кабинеттерімен таныстырды. Спортзал, шахмат үйірмесі, кітапхана қоры туралы айтылып, лицейдің проблемалық мәселелерін де көтерді.